Өткен жылы Мәскеу қаласында тұратын Ғұмар Қараштың туған немересі Надежда Қарашевамен болған сұхбат еліміздің көптеген ақпарат құралдарында жарияланған еді. Мәнді де мазмұнды әңгіме көпшілік оқырмандарды қызықтырғаны рас. Жақында газетімізге жеті ата жөнінде мақала жарияланған болатын. Осыған байланысты асылдың сынығы, текті бабамыздың немересіне осы мәселеге қатысты сұрақтарды интернет арқылы жібергенбіз. Көп кідірмей жауап та келді.