Өткен жылы Мәскеу қаласында тұратын Ғұмар Қараштың туған немересі Надежда Қарашеваны тауып, емін-еркін әңгімелескен едік. Тек атасы емес, өзі де жай адам емес екендігі анық байқалған. Елімізде Ғұмарды екінің бірі білмесе де, Мұхтар Әуезовты әр адам білетіндігі белгілі ғой. Надежда Бұрханқызы Мұхтар Әуезовпен жиі хат алмасып тұрғандығын, оның ең соңғы хаты да өзіне арналғандығын айтқан.