Тура осыдан 102 жыл бұрын, 1911 жылдың дәл осы күні яғни 16 наурызда Еліміздің тәуелсіздігін аңсап, бар күш-жігерін қазақтың сана-сезімін оятып, бірлікке, ынтымаққа шақырып, азаттықты алуға үндеген ұлтжанды азаматтардың бас біріктіруімен қазақ даласында тұңғыш рет тұрақты, әрі жүйелі, отырықшылықты, білім мен ғылым, кәсіп үйренуді насихаттауды асыл мақсат еткен «Қазақстан» газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді.