Құлпытастар

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі аумағындағы көне бейіт. Ел аузында «Құнан» немесе «Үш мола» атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай көміліп қалған құлпытастар көп. Бұл қос құлпытас жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округіне қарасты Құбаша қауымында жатқан дөңгелек құлпытас. Ортаңғы бөліктегі мәтін: «Ысық руы Жапалақ тайпасы Байғара бөлімі Сақыш Бастақай қызы опат» Шеңбердің сыртын айнала жазылған мәтін: «Ермағамбет немересі 2 жасында 1926 жылда» Суретке түсірген және оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Сайт в режиме обслуживания Қазір сайтта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр