Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселені жүзеге асыру үшін елімізде қыруар жұмыс атқарылуда. Соның бірі Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарын анықтау болатын. Бұл тізімге біздің облысымыздан жеті нысан кірді. Осы мақалаға сол жетеудің екеуі, яғни Ғұмар Қараштың жерленген жері мен Жымпитыдағы Алашорда үйі арқау болып отыр. Дәлірек айтсам, Ғұмар Қараш пен Алашорда үкіметі батыс қанатының жетекшісі Жаһанша Досмұхамедов туралы сөз болмақ. Бұл екі тұлға да саяси қуғын-сүргін құрбаны.