Кеше Орал қаласында қазақтың ақиық ақыны Қайрат Жұмағалиевке арналған ескерткіш тақта ашылды.
Ақын өмірінің соңғы жылдарында қызмет еткен «Жайық Пресс» ЖШС ғимаратының қабырғасына ілінген ескерткіш тақтаны халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, ақын Ақұштап
Бақтыгереева және Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы салтанатты түрде ашты.