Қуанышты хабар, Уфадан өңірімізге қатысты құнды мәліметке толы 10 мың беттей архив құжаттарын әкелдік. Башқұртстан Республикасының ұлттық архивінен 1865, 1871, 1875 жылдардағы Ішкі орданың метіркелік журналдарының электронды көшірмелерін жасап, Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының жаңа жасақталған қорын құнды құжаттармен толықтырдық. Араб әліпбиіндегі бұл материалдар толық аударылғанда, талай адам өз ата-бабаларын тауып, қай күні, қай жерде дүниеге келгенін, кімге үйленіп, қанша қалың мал төлегенін, қай жылы, қандай сырқаттан дүние салып, қай жерге жерленгенін білмек.