Орал қаласында Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында 10 желтоқсан күні дәстүрлі «Тіл мен тілші» байқауы қорытындыланып, жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.
Қазақстан халқы тілдерінің ХV облыстық фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, отаншылдықты насихаттау бағытында еліміздегі тілдер саясаты жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерді қолдау мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасы жариялаған байқауға барлығы сегіз үміткерден 26 мақала түсті.