Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингі басшылығы 12 аудандағы филиалымен селекторлық кеңес өткізді. Онлайн жиналыс деген раxат - бұрынғыдай әр ауданға жеке-жеке қоңырау шалу немесе редакторларын шақырып шығындануды керек етпейді)) Әрі бәрі бір-бірімен ақылдаса алады, оны ұжымдары түгел отырып тыңдайды. Жиында әрбір аудан газеттерінің шығармашылық жұмысы мен газеттерге жазылым мәселесі талқыланды. Бүгінде газет-сайттармен қатар әлеуметтік желілерге баса назар аудару қажеттігі айқындалды.