Өңіріміздегі баспасөз тарихын жүйелі зерттеуді ұйымдастырып, жоспарлы түрде жиырмасыншы ғасырдың басындағы газеттерді кітап етіп шығаруым, құлпытастарды зерттеуді қолға алуым, түрлі тарихи деректі фильмдер түсіру, тарихи-танымдық журнал шығару т.б. рухани бағыттағы жұмыстармен шұғылдануым қазақ тілді аудиторияға жақсы таныс және бұл істер олардың жандарына жақын екені анық.