Эпиграфиялық ескерткіштерді зерттеу бағытында қолға алынған «Қазақ халқының мәдени ескерткіштері – рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы (Батыс Қазақстан облысының эпиграфиялық ескерткіштері негізінде)» атты үшжылдық жоба бойынша өңірімізге келген алматылық ғалымдар «Жайық Пресс» медиахолдингінің конференц-залында бас қосты.