Өткен жұмада «Жайық Пресс» медиахолдингінде облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.
Басқосуда сөз алған «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин қос газеттің ардагерлері мен ұжымын құттықтап, басылым тарихынан сыр шертті.