Қазбек Құттымұратұлын ешкімге таныстырудың қажеті жоқ. Бүгінгі «Орал өңіріндегі» ортаңғы буын ағалардың өкілі Қазбек Құттымұратұлы өзін мықты журналист, айтары бар ақын ретінде республикаға жас кезінде-ақ танытып тастаған.