Бұған дейін Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның ұсынысы негізінде Зашаған кенті әкімінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі №1 шешімі бойынша қала аумағындағы Зашаған кентінің «Жақсы ауыл» шағын ауданындағы №1 және №5 деп уақытша белгіленіп келген көшелерге қазақ баспасөзінде айрықша орны бар тұлғалар Елеусін Бұйрин мен Ғабдолғазиз Мұсағалиев есімдері берілген болатын.