Кеңес үкіметінің қазақ халқын отарлау саясаты салдарынан еліміз оқыған зиялы азаматтарды жоғалтып қана қойған жоқ, ұлтымыздың құндылықтары да аяқ асты болды. Сондай сорақылықтардың бірі - ата- бабаларымыздың зираты талқандалып, құлпытастары құрылысқа пайдаланылды. Бұдан 85 жыл бұрын Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында орын алған мына жай талай адамның жағасын ұстатары анық.