Қатысқан шаралар

01.06.2017

Өткен ғасырдағы талай нәубет қазақ тарихында қанды ізін қалдырды. 1937-38 жылдардағы зұлматта біздің облыстан мыңнан астам адамның тағдыры оққа байланды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың арасында журналистер де бар. Олардың тағдырына қатысты ақтаңдақтар тереңірек зерттеуді қажет етеді.


25.05.2017

Өңір өлкетанушылары бұрын зерттелмеген тың тақырыпты қолға алып, ХІХ ғасырдың басында қазақ даласындағы мешіттерде жүргізілген тіркеу құжаттарын (метірке) зерттеуге кірісті. Бұл туралы сейсенбі күні «Жайық Пресс» медиахолдингінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде мәлім болды.


27.04.2017

«Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» дейді халық даналығы. Осы қағиданы ұстанып, құрамына қалалық әкімдіктің және коммуналдық қызмет көрсету салаларының өкілдері енген жұмыс тобына №9 сайлау округінің аумағындағы шешілуі қиын түйткілді мәселелерді осы округтің депутаты Жантас Сафуллин көрсетіп, мән-жаймен таныстырды.


06.04.2017

Өткен аптада Алматы қаласындағы ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Жайық өңірінің жылнамасына 100 жыл» атты жиын өтті.


08.07.2016

Бейсенбі күні ертемен «Жайық Пресс» ұжымы мен Сырым елінің азаматтары және бір топ айтыс жанашырлары елордамыз Астанада өткен «Жүйелі сөз» атты ақындар айтысының бас жүлдесін иеленіп, үлкен олжамен оралған  айтыскер ақын Бауыржан Ширмединұлын әуежайдан күтіп алды.


27.06.2016

Баспасөз жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесін өңірдегі ірі медиахолдинг “Жайық Пресс” ЖШС ұжымы да ерекше атап өтті.


25.06.2016

«Жайық Пресс» медиахолдингінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Оған өңірімізге белгілі өлкетанушылар мен тарихшылар қатысты.


25.06.2016

Жақында «Жайық Пресс» ЖШС-ның баспасөз орталығында мәні зор рухани шара өтті. Ол – жаңадан жарық көрген «Дұрыстық жолы» газеті. 1919» кітабының жария таныстырылымы. Алқалы басқосуға ғалымдар, мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.


24.06.2016

Қай кезде де тың ізденістерімен, соны жаңалықтарымен таңқалдырудан талмайтын «Жайық Пресс» ЖШС Баспасөз күні мерекесі қарсаңында əріптестеріне, жалпы өңір журналистикасына тағы бір тамаша тарту жасады. Медиахолдингтің мәжіліс залында баспасөз тарихына қатысты тағы бір жинақтың таныстырылымы өтуде.


24.06.2016

Тарихшы ғалымдардың қатысуымен “Жайық Пресс” ЖШС-нің мәжіліс залында бір ғасыр бұрын қазақ тарихында болған осынау оқиғаға арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтуде.


Беттер

Сайт в режиме обслуживания Қазір сайтта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр