Сізге қандай дәптер керек?
«Жайық Пресс» ЖШС былтырдан бастап мұқабасында ұлтымыздың ұлы тұлғалары бейнеленген дәптерлер шығара бастағаны мәлім.
Биыл осы бағытта алдын ала тапсырыстар да түсуде. Мысалы, Қазталов ауданындағы Ғұмар Қараш атындағы мектеп-гимназияның басшылығы «Жайық Пресске» мұқабасында ағартушы-ақын Ғ.Қараштың суреті басылған 500 дәптерге тапсырыс түсірді. Ал облыс орталығындағы педагогикалық колледж сыртында Жаһанша Досмұхамедов бейнеленген дәптерге тапсырыс бермек ниетте. Демек, ұлтқа тұтқа болған тұлғалардың есімін иеленген үлкенді-кішілі оқу орындары патриоттық сипаттағы осындай бастаманы іліп алып кетсе, қандай жарасымды! Бұл мәселе бойынша «Жайық Пресс» ЖШС-ның байланыс телефоны: 50-30-14
"Орал өңірі" газеті №91
04.08.2011 жыл