Egindikol.kz сайтының таныстырылымы

Бүгінгі egindikol.kz сайтының таныстырылымына қатынасып, құнды ой-пікірлерін ортаға салған Мəлік Шəлменов, Мұхитов Абай, Махуза Құрманғалиева, Елдос Сафуллинге алғысымды білдіремін. Алматыдан ықыласын білдіріп, өз шығармаларын беретіндігін жеткізген Құрманғазы Қараманұлына рахмет. Мектептің жақсы оқитын оқушыларына арнайы стипендия беруді Құрманғазы ағамыз бастаған болатын. Жақсы бастаманы Мəлік Шəлменов ағамыз жалғастырып, осымен алтыншы жыл қатарынан жылына жалпы көлемі 120 000 теңгеден үздік оқушыларға стипендия беріп келеді. Қалада болмауына байланысты қатыса алмайтындығын жеткізген Жарқын ағамыздың бір өзі жасаған істері бір төбе. Мəлік пен Абай ағамыздың оқушы кездеріндегі суреттерін əкеліп, ауылға қатысты қызықты деректер айтса, Махуза апай қажет материалдарды табу жолдарын айтып, жобаны жүзеге асыру барысында кездесер сын-қатерлерге тоқталды. Елдос Набиоллаұлы мектеп бітіргендеріне биыл 20 жыл толуына орай жоспарланған істері туралы айтып, сайт арқылы жасалмақ жобаларды мүмкіндігінше қолдайтындарын жеткізді.

Ауылдың тағдырына алаңдаулы осындай аға буын барына қуаныштымын!

Мұхитов Абай ағамыз əкелген мына суреттерден танитындарыңыз бар ма?

5 cәуір в 0:09·

фэйсбук парақшасынан

Изображения: 
Газеты и сайты: 
Изображение: 

Пікірлер

Жантас ,айналайын, елің үшін, туған жерің үшін, түлеп ұшқан алтын ұя мектебің үшін ұйымдастырып жатқан игілікті ісің жалғасын тапсын, сəттілік тілеймін!

Жоғарыдағы суреттегі марқұм Боранбай ағайдың бейнесі ғой

Төмендегі- Клара апай сияқты.

Жаңа пікірді жазу

Filtered HTML

  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a> <em> <strong> <cite> <blockquote> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Сайт в режиме обслуживания Қазір сайтта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр